Ыстамбұлда кеше, жексенбі күні 6,1 баллдық жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің ошағы елдің батысында тіркелді. Салдарынан бірнеше ғимарат бүлініп, бір адамның қаза тапқаны белгілі, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Еуропалық сейсмологтардың мәліметінше, жел сілкінісінің магнитудасы 5,9-ды құрады.
Сейсмологтар Балықесір мен Сындырғы елдімекенерінде де қатты жер сілкінгенін айтады. Ғимараттар бүлініп, құлаған.
"Жалпы алғанда, Балықесір провинциясындағы 6,1 баллдық жер сілкінісі салдарынан 24 ғимарат бүлініп, біреуі құлады, олардың тек төртеуінде адамдар тұрып жатқан. Бірқатар көршілес провинцияларда, соның ішінде Ыстамбұлда да жер асты дүмпулері сезілді", — дейді Түркия ІІМ басшысы Али Ерлікая.
Кейінірек Балықесірде үйінділердің астында қалып кеткен бір адамның құтқарылғаны белгілі болды, бірақ кейінірек қария ауруханада қайтыс болды.
Ал Ыстамбұл секілді ірі қалаларда тұрғындар көшеге шығып, таң атқанша саябақтарда болған. Өйткені афтершок 24 мәрте қайталанған. Оның төртеуінде жер сілкінісі 4 балды құрады.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатқанын жеткізіп, зардап шеккендерге көңіл білдірді.