Түркия өнім экспорттайтын қуатты ел екенін тағы дәлдеді

Dalanews 31 июл. 2023 02:32 1044

Маусым айында Түркия экспортқа шығарған өнімдері 20 миллиард 904 миллион долларды құрады. Ал импорт өз кезегінде 17,5 пайызға азайып, 26 миллиард 64 миллион долларға жеткен. Осылайша Түркия негізінен өнім экспорттаушы қуатты ел екенін көрсетті.

Маусым айында экспорттың импортқа қатынасы 80,2 пайыз болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 73,9 пайызды құрады.

Қаңтар-маусым айларында Түркияның экспорты 1,9 пайыз азайып, 123 миллиард 341 миллион доллар болды. Бұл кезеңде импорт 4,1 пайызға азайып, 184 миллиард 576 миллион долларға жеткен.

Сыртқы сауда тапшылығы бірінші жартыжылдықта 18,7 пайызға артып, 61 миллиард 235 миллион долларға жетті. Экспорттың импортқа қатынасы 66,8 пайызды құрайды.


Германия маусым айында Түркиядан негізгі тауар импорттаушы ел ретінде танылып, 1 млрд 784 млн доллардың өнімін алған. Екінші орында АҚШ – 1 миллиард 331 миллион доллар. Олардан кейін – Ұлыбритания – 1 млрд 65 млн, Италия – 1 млрд 12 млн, Ирак – 986 млн доллар.

Рекомендовать
Последние новости