Түркістандық оқушы мал ауруларын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапқан

Ақтоты Жапатова 12 мая 2025 14:10 251

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында тұратын Рамазан Сапарбай «Мал ауруларын ерте анықтау жүйесі» атты ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп, жоба макетін құрастырды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл жоба - ауыл шаруашылығын дамытып, малдың денсаулығын сақтауға бағытталған. Бүгінде Рамазан №35 А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы. Аталған жоба аудандық «Зерде» байқауында үздік атанған. Мұндай ғылыми жобалар оқушылардың зерттеушілік қабілетін шыңдап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізбек.

Оқушының ғылыми жетекшісі Айнур Парымбетованың айтуынша, Рамазанның жобасы мал ауруларын дер кезінде анықтауға көмектеседі. Жобада арнайы сенсорлар мен деректерді талдау жүйелері қарастырылған. Болашақта бұл жүйе мал дәрігерлерінің жұмысын жеңілдетіп, ауыл шаруашылығындағы шығынды азайтуға септігін тигізеді.


Рекомендовать
Последние новости