Түркістанда өткен «Пікірсайыс – көшбасшылар алаңында» патриот жастардың ораторлық қабілетін шыңдалды

Жарбол Кентұлы 28 окт. 2024 22:23 415

25 қазан – Республика күні қарсаңында Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ЖОО студенттері арасында «Пікірсайыс – көшбасшылар алаңы» атты Түркістан облысы әкімінің кубогіне арналған республикалық турнирі өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнирдің мақсаты – жастардың ораторлық қабілетін, сөз шеберлігін, белгілі бір фактілерді зерттеуге, өз көзқарасын жүйелі түрде дәлелдеуге және бағытын дұрыс ұсынуға үйрету, еліміздегі ұлттық мереке республика күнін жоғары деңгейде атап өту. Жастар арасында аталмыш мерекенің мәні мен маңызын ұғындыру, Отанға, туған жерге деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру. 

Республика күнін Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Пердебек Есқұлов ашып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Түркістан өңірінде екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған турнирге республикамыздың әр өңірінен келген қатысушылар қатысып, өзара бақ сынасты. Барлық пікірсайысшылар бірінші күні іріктеу кезеңдеріне берілген тақырыптарды талқылап, турнирдің екінші күні финалдық кезеңге жолдама алу үшін өзара мықтыны анықтады. Екі күнге созылған АПФ және LD форматтарында өткен турнирге Алматы, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының пікірсайысшылары, жалпы 28 фракция қатысты.

Республикалық турнирге қатысқан пікірсайысшылар бірінші күні іріктеу кезеңдеріне берілген тақырыптар төңірегінде өз идеяларын қорғап, 1/8, 1/4, 1/2 және финалдық кезеңге жолдама алу үшін өзара мықтыны анықтады. Іріктеу кезеңінен өтіп, финалдық кезеңге жолдама алған фракциялар өздерінің ұтымды ойларымен ерекше әсер сыйлады.

Турнир нәтижесі төмендегідей:

Бас жүлде - «Кенесары» фракциясы

Әбілқан Мейірбек, Смағұл Арайлым (Түркістан облысы) 400.000 теңге

1 орын - «Айшуақ хан» фракциясы. Абдинасирұлы Бексұлтан, Мұратұлы Асылжан (Алматы облысы) 300.000 теңге

2 орын - «Жәңгір хан» фракциясы. Абдулла Жанболат, Қалдибаев Рауан (Шымкент қаласы) 200.000 теңге

3 орын - «Есім хан» фракциясы. Ералы Шұғыла, Абдихан Ақбота (Шымкент қаласы) 100.000 теңге

«Ең үздік төреші» - Қанжігіт Сағи

«Үздік төреші» - Төреқанов Жайдарбек

«Ең үздік спикер» - Смағұл Арайлым (50.000 теңге)

«Үздік спикер» - Абдурашидова Мехринисо

Республиканың әр өңірінен жиналған турнир жеңімпаздарына алғыс хаттар, қаржылай сыйлықтар мен кубоктар табысталды.

 


Рекомендовать
Последние новости