Түркістанда этнос өкілдері қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан жарысқа түсті

Dalanews 04 июл. 2024 10:13 2441

Түркістанда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Бабалар үні» атты этнос өкілдері арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айтудан байқау өтті, деп хабарлайды Dalanews. kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқауды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Ұлттық өнерді ұлықтаған додаға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары және мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары және мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты - Қазақстан халқы  Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыруға, талантты жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, өңірдің мәдени имиджін көтеруге атсалысу сондай-ақ, этнос өкілдеріне қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнерін насихаттауға бағытталған.

Өнерлі жастар сайысына мәдениет, өнер саласының қайраткерлері, мәдениет саласының мамандары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы қазылық етті. Байқау нәтижесінде Сайрам ауданынан қатысқан Жасмина Хантораева І орынға лайық деп танылды. Ал түлкібастық Азиза Қажиева ІІ орынды, саурандық Данияр Расулов ІІІ орынды иеленді. Бұдан бөлек, өнерімен көзге түскен қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар мен Алғыс хат табысталды.


Рекомендовать
Последние новости