Түркістанда 18 жастағы қыз экс-полицейлер зорлағанын мәлімдеді

Көркем Алдабергенова 30 янв. 2026 11:18

Түркістан қаласында 18 жастағы қыздың жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу дерегі бойынша берген арызы тергеліп жатыр. Оның өтініші негізінде қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиғаға бұрынғы полиция қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген нұсқа тексерілуде. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша олар ішкі істер органдарынан қызметтік беделге нұқсан келтіргені үшін жұмыстан босатылған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove