ТҮРКІСТАН: ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ АҚПАРАТТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Dalanews 16 окт. 2024 13:23 2008

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өңірдің туристік нысандарының ақпаратын жаңарту және әдістемесін дайындау мақсатында бірыңғай ақпаратты ұсынатын әдістемелік құралдары әзірленуде. Онда туристік нысандар бойынша фактілер, аңыздар және қызықты оқиғалар тізбегі қамтылады,  деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Туристік нысандар бойынша жинақталған ақпараттарды археолог, тарихшы, архитектор, өлкетанушы, лингвист және басқа да білікті мамандармен бірге талдау жұмыстары жүргізіледі.

Жинақталған ақпараттарды қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай, араб, жапон тілдеріне аудару жұмыстары жүргізіліп, бірыңғай туристік ақпарат құралына енгізіледі.


Рекомендовать
Последние новости