Түркістан: Төлеби білім ордасында 20-дан аса этнос өкілі оқиды

Dalanews 01 мая 2024 17:11 2724

Төлеби ауданындағы Бірінші Мамыр елді мекеніндегі жалпы білім беретін мектепте қазіргі таңда 20-ға жуық этнос өкілдерінің балалары білім алады. Оның ішінде қазақ, орыс, өзбек, түрік, әзірбайжан, шешен, күрд, татар, украин, тәжік, авар, кәріс, неміс, ұйғыр, иран, қытай балалары бірге оқып жүр, деп хабарлайды Dalanews.kz. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

– Мектеп оқушылары 1 мамыр мерекесін, яғни Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесін асыға күтеді. Жылда мерекенің қарсаңында мектебімізде Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этностардың бірлігін, ынтымағын, достығын, татулығын дәріптейтін сынып сағаттары, тәрбиелік мәні зор, қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады, – дейді Бірінші Мамыр жалпы білім беретін мектебінің директоры Бекжан Баймұсаев.

Айта кетсек, бірлігі жарасқан Бірінші Мамыр жалпы білім беретін мектебінің 219 ұстазы 1803 оқушыға қазақ және орыс тілінде сапалы білім, саналы тәрбие беріп келеді.

  1.  

Рекомендовать
Последние новости