Түркістан. Бюджеттік мекемелер қыстай жағатын көмірін тасып алыпты

Dalanews 13 окт. 2021 03:54 895

Түркістан облысында 597 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. Түлкібас, Сайрам, Бәйдібек аудандарында ауа-райына байланысты, жылыту маусымы 6 қазанда басталды, ал қалған аудан-қалаларда 15 қазан-1 қараша аралығында қосылады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Әбілхан Әбдіқадыров мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Брифингте Түркістан облысыда көмір отынының қажеттілігі 966,6 мың тонна, тасымалданғаны 517 мың тонна (53%) екені айтылды. Қалғаны жылыту маусымы басталғанға дейін тасымалданады.

– Бюджеттік мекемелердің көмір отынына қажеттілігі 142,8 мың тонна, ол толық тасымалданған. Орталықтандырылған жылу беретін кәсіпорындардың көмірге қажеттілігі 99,3 мың тонна, тасымалданғаны 27,4 мың тонна (28%). Ал облыс тұрғындарының көмірге қажеттілігі 724,4 мың тонна болса, тасымалданғаны 347 мың тонна (48%). Тасымалдау жұмыстары жалғасуда, – деді Әбілхан Әскерұлы.


Аудан-қала әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, облыс көлемінде 24 көмір тасымалдайтын орын бар. Тұрғындар үшін темір жол тұйығы бар елді-мекендерде 1 тонна Шұбаркөл отынның бағасы 14 500-18 500 теңге аралығында. Ал темір жол тұйығы жоқ елді-мекендерде 18 500-22 000 теңге арасында. Өткен жылы қатты отын бағасы 13 500-18 500 теңге аралығында болған. Жалпы жылу беру маусымына дайындық барысы штаттық режимде және облыс әкімінің қатаң бақылауында.

Рекомендовать
Последние новости