Түлкібаста «Nur Otan» партиясына түскен өтініштер саны 3 есе көбейген

Dalanews 28 апр. 2021 19:33 791

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кезекті XLI конференциясы өткізілді. Конференцияға аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Байғұт, Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Түлкібас аудандық мәслихат хатшысы Садуақас Сейсенбаев, аудандық мәслихат депутаттары, сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері, 18 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, партияның «Jas Otan» жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағалығына Түлкібас ауданының әкімі, партияның белсенді мүшесі Нұрлан Мархабатұлының кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қабылданды.

Күн тәртібінің екінші мәселесі партияның аумақтық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуатбек Еркебаев баяндама жасады. Ол алдымен 2021 жылдың 10 қаңтарында өткізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттары және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында «Nur Otan» партиясы ел сеніміне ие болғандығын және айқын жеңіске жеткендігін айтып, құттықтады. Бұл үлкен жеңіс, сонымен қатар, иыққа артылған жауапкершілік екендігін алға тартты.

Ауданда кадрлық резервті іріктеуде жаңашылдық байқалған. Праймериз және бюро шешімі арқылы  34 үздік анықталып, партиялық тізімге енген болатын. VI шақырылымда Түлкібас аудандық мәслихат депутаттарының құрамында әйел адамдардың саны 1 болса, VII шақырылымда 3-ке жетті. Сонымен қатар VIІ шақырылымда жастардың саны 2-ге жетті. Осы жұмыстарды баяндаған бірінші орынбасар қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысына да тоқталып өтті.

«Эпидемияға қарамастан партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмысын жалғастыра берді. Елбасы бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» республикалық акциясы шеңберінде аудан көлемінде отбасылық жағынан аз қамтамсыз етілген отбасыларға бірқатар көмек көрсетілді. Осы акцияның іске асуына аудандық мәслихаттың депутаттары мен бірқатар кәсіпкерлердің үлесі бар екендігін айтып өткеніміз жөн. 2019 жылдың қорытындысы бойынша аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 602 арыз-шағым келіп түсіп, 289-ы (48%) оңтайлы шешіліп, 313 өтінішке заң аясында түсінік берілген. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне көбіне зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар, әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасылар және бюджеттік сала қызметкерлері арыз-өтініш білдірген. 2020 жыл қорытындысы бойынша партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2 мыңнан аса адам жүгінген, бұл 2019 жылға қарағанда 3 есе көп. Қарау нәтижелері бойынша 760 (34,4%) оңтайлы шешіліп, 1201 өтінішке заң аясында кеңестер берілді», – деді ол.

Арыз-өтініштердің басым бөлігі жергілікті ауылдық округ тұрғындарынан түскен. «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында бірқатар азаматтарға көмек көрсетілген. Сондай-ақ облыс бойынша 2020 жылдың 30 қаңтарында және 7 ақпанында барлық облыстық басқарма басшыларының қатысуымен көшпелі қоғамдық қабылдау күндері өткізілді. Түлкібас ауданы бойынша 10-нан аса тұрғын өтініштерін білдірді. «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында филиалға келген азаматтарға кәсіби медиаторлар мен заңгерлер тарапынан тегін консультативтік және медиативтік қызметер көрсетіліп келеді.

Өз кезегінде аудандық партия филиалының басшы органдарының құрамы жаңартылуда. Жақын бес жылдықтағы басты жұмыс объектісі сайлауалды бадарламаның орындалу барысы болмақ. 5 жылға бағдарламаның әр саласы бойынша тапсырманы орындалу индикторлары бекітілді. «Nur Otan» партиясы Түркістан облысының Түлкібас ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы орындалуын бақылау мақсатында аудандық филиалы жанынан құрамы 64 мүшеден құралған 9 қоғамдық кеңес құрылды. Олардың құрамына аудандық мәслихаттың депутаттары, партияның белсенді мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БПҰ төрағалары мен қоғамдық пікір көшбасшылары енді. Оған қоса филиал жанындағы 18 бастауыш партия ұйымдарының басшылығы 6 әйел азамат, 6 жас буын өкілдерімен жаңарды. Қазіргі таңда бастауыш партия ұйымдарындағы партия мүшелерінің саны 5129-ға жеткен.

Жиында «Түлкібас әк зауыты» ЖШС директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Перизат Әбдібекова және Түлкібас аудандық мәслихатының хатшысы, Түркістан облыстық Саяси кеңесінің мүшесі Садуахас Сейсенбаев жарыссөзге шығып, сөз сөйледі. Сондай-ақ Түлкібас аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Өтепбай Маткеримов, Түлкібас ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы»  КММ мәдени ұйымдастырушысы, аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Ислам Джолбасхановтар сөз сөйлеп, партияның жұмысында ілгері басушылық бар екенін айтты. Жол картасын жүзеге асыруға күш салатындарын жеткізді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша партияның аумақтық филиалының Саяси кеңесінің 19 мүшеден құралған жаңа құрамы таныстырылып, дауысқа салынып, бірауыздан қабылданды.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLI конференциясына 13 делегаттың тізімі ұсынылып, көпшілік партия мүшелерінің шешімімен бірауыздан бекітілді.

Жиын соңында аудандық партия филиалының төрағасы Нұрлан Мархабатұлы конференцияның қаулы жобасымен таныстырып, жиынды қортындылады.

Рекомендовать
Последние новости