Президент Маңғыстау үшін маңызды заңға қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин хабарлады.
Депутаттың сөзінше, МАЭК кәсіпорнына Үкімет бөлетін субсидиялар есебінен алынатын табысқа корпоративтік табыс салығын салмау туралы заңға Президент қол қойды.
Бұл шешім:
- стратегиялық маңызы бар МАЭК-тің қаржылық жүктемесін азайтады;
- жылу, су және электр энергиясының өзіндік құнын өсірмеуге мүмкіндік береді;
- кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды жаңғыртуға жағдай жасайды;
- ең бастысы – Маңғыстау халқы үшін тарифтік қысымды тежеуге бағытталған.
"Мемлекет үшін де, өңір үшін де, тұрғындар үшін де дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім", - дейді Жаңбыршин.
