Тоқаев: Көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышаны

Көркем Алдабергенова 24 апр. 2025 12:06 152

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көк паспорты туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналғанын айтты.

"Жыл өткен сайын төлқұжатымыздың абырой-беделі көтеріліп келеді. Бұл халықаралық қауымдастықтың бізге деген қызығушылығы артып, еліміздің ықпалы күшейе түскенін көрсетеді. Әр құрлықтағы түрлі мемлекеттің азаматтары тұрақты тұру немесе демалу үшін біздің елді жиі таңдайтын болды. Бұл – кездейсоқтық емес.

Қазақстан беделді халықаралық рейтингтердегі қауіпсіздік индексі бойынша айналамыздағы көптеген мемлекеттердің бәрінің дерлік алдында тұр. Ал заң үстемдігі индексіндегі «Тәртіп пен қауіпсіздік» көрсеткіші бойынша, 142 елдің ішінен 43 орынға табан тіреді", дейді президент.


Рекомендовать
Последние новости