Төңкерілген тасмүсін: Назарбаевтың жақтастары суретшіні құртқысы келеді

Азамат Қойшығара 03 февр. 2024 11:24 2819


Кеше Алматыдағы Әскерилер үйінде еліміздегі тұңғыш интернационал суретші Ербосын Мелдібековтің «Боран – Байқоңыр, Жібек жолы мен Құс жолының арасы» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Бұл іс-шарада бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішінің құлап бара жатқанын бейнелейтін «Падение автора» атты өнер туындысы көпшіліктің назарыын аударды. Тіпті, оның видеосы мен суреттері желіге тарап кетті. Алайда, экс-біріншінің жақтастары авторға қоқан-лоқы көрсетіп жатқан көрінеді.



– Менің бұл туындым бар болғаны Талдықорғандағы бір ескерткіштің тағдырын бейнелейді. Қаңтар бүлігі кезінде құлаған ескерткіш бар-жоғы үш секундтың ішінде жермен-жексен болды ғой. Бар болғаны соны бейнеледім. Яғни, ситуацияға саяси емес, өнер жағынан қарадым. Сондықтан бұған бола мені жазғыру орынсыз деп білемін. Олай болса, репрессия, концлагер туралы ақындар мен режиссерлерге айтқызбай, жазғызбай қойсын, - деді Ербосын Мелдібеков NEGE тілшісіне.



Ол осы мүсінді жасау үшін банктен несие алғанын да жасырмады.



Рекомендовать
Последние новости