Балалардың психикасына әсер етеді деп ойламайсыңдар ма? Егер ол ақшаға бопсаласа, ақшаны алып жатқан жерінен-ақ ұстауға болар еді ғой?! Оқиға орнында, қылмыс жасау үстінде құрықталса - онда еш дау жоқ Мына қоғам да, жұртшылық та даурықпас еді…! Наразылығын білдірмес еді!" - дейді ол.
Күдіктінің өзін ресми түрде Полиция департаменті немесе бөліміне шақырып үйрену керек! Жемқорлық жайтын және қылмыс үстінде тікелей бұлтартпас айғақпен ұсталмаса, жәй күдікке іліккен адамды бас салып қамап, азаптап, оны қорлау арқылы қылмысты мойнына ілуді доғаратын уақыт жетті!
Ол терракт жасап, қыз зорлап, адам өлтірген жоқ! Есірткі сатып, адам саудалған жоқ! Айғақтық дәлелдер толық жиналмай жатып, үстінен арыз түсті деп, дереу алып кетіп, қамауға алу - біздің Конституциямызға сын емес пе?", - деп жазды заңгер.
Ал өңірлік полиция мәліметінше, азаматтар белсендінің үстінен шағым түсірген.
"28 ақпан және 6 наурыз күндері Қызылорда облысының полиция департаментіне облыстың екі тұрғыны жүгінді. Олар осы азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде арызданған. Тұрлыбекова бопсалау арқылы және ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша талап еткен. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрлыбекова ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Бұдан бөлек тағы бірнеше бопсалау фактілері анықталды.
Процеске қатысушылардың жауабын бұрмалауға ықпал етіп, тергеудің жан-жақты жүргізілуіне кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты тергеу соты оны күзетпен ұстау шарасын санкциялады. Ұстау заң шеңберінде жүргізілді. Арнайы құралдар мен жауынгерлік әдістер қолданылған жоқ. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазған Жаңақорған аудандық полиция бөлімі өкілдері egemen.kz-ке.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде белсенді ұсталған сәт көрінетін сурет тарап кетті. Желі қолданушысының бұл жазбасына қалалық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша Қызылорда облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп жатыр. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді", - деп жазылған жауапта.
"Сандуғаш - бес баласы бар жалғыз ілікті ана. Енді өз наразылығын әлеуметтік желіге шығарғаны үшін де қылмыстық жауапкершілікке тарта береді ме? Алаяқтарды неге осылай ұстамайды екен?" - деп жазды ол.
Ал Гүлшара Әбдіқалықова мен ұсталған әйелге қатысты оқиға осыдан шамамен 4 жыл бұрын болды. Сол кезде Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіхалықова Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барған еді. Полицейлер әкім келеді деп жолды жауып, басқа көліктерді жүргізбей қойған.
Бұл жағдайға ашуланған қызылордалық тұрғын аудан аралап жүрген өңір басшысына барып "Жолды жабатын ханның қызысыз ба?" деп шүйлікті.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын.