Тергеу изоляторы мен сотқа апарады: Антикор шенеуніктер үшін ерекше экскурсия өткізбек

Қаракөз Амантай 06 мар. 2024 16:22 2263

Антикор профилактикалық мақсатта мемлекеттік қызметшілерді тергеу изоляторы мен сотқа экскурсияға апарады, деп хабарлайды  Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымының ресми өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, бұл жемқорлықтан алдын алудың жаңа әдісі болмақ.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі жемқорлықтан алдын алу мақсатында тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілерге тергеу изоляторларына экскурсиялар өткізіп тұрады. Қатысушыларға тергеу бөлмелері, қылмыскерлерге арналған камералар, сотталғандар серуендейтін орындар көрсетіледі", — деді Арман Тілеукенов.

Агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукеновтың айтуынша, мұндай іс-шара түрменің ауыртпалығын сезінуге, олардың салдарымен танысуға мүмкіндік береді.

"Сонымен қатар профилактикалық жұмыс аясында еңбек ұжымдарын сот отырыстарына қатысуға шақырамыз. Біз бұл әдістермен мемлекеттік шенеуніктерді қорқытуды мақсат етпейтінімізді атап өтеміз", - деп сендірді Антикордың ресми өкілі.

Арман Тілекукенов пара беру сияқты қылмыс үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде ірі мөлшердегі айыппұлдардан бөлек, мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілетінен еске салды. Сондай-ақ өмір бойына белгілі бір жұмысты атқару құқығынан, қала берді әскери атақтары мен мемлекеттік марапатынан айыру қарастырылғанын атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости