”Таза Қазақстан”: БҚО су тасқынынан кейін өңірді абаттандыруға ерекше көңіл бөліп отыр

Қаракөз Амантай 27 апр. 2024 22:00 3121

Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына Батыс Қазақстан облысы да қолдау білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевтің тазалық бағытында және қаламызды су тасқыны салдарынан кейін қалпына келтіру бойынша берген тапсырмалары аясында облыс көлемінде өлкені көркейту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Өңірдің мемлекеттік қызметкерлері, жастар, белсенділерімен бірлесе сенбілікке шығып, шаһардың көркеюіне, тазалығына өз үлестерін қосты. 

Экологиялық акция аясында орталық алаңындағы талдар әктеліп, демалыс орындары сырланып, сәндік ағаштар отырғызылды.


Рекомендовать
Последние новости