Тәуелсіздік күні қарсаңында Шемонаиха ауданында белсенді өмір сүру орталығы ашылды

Dalanews 14 дек. 2021 20:17 788

Первомайский арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында денсаулықты сақтаумен және зейнеткерлер үшін бос уақытты тиімді өткізумен кәсіби  түрде айналысады. Мұнда сегіз мамандандырылған кабинет, атап айтқанда еңбек терапиясы, емдік-сауықтыру дене шынықтыру кабинеттері бар. Сондай-ақ, демалыс бөлмесі, массаж бөлмесі, акт залы да қарастырылған.

– Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кабинеттер жиһазбен, мамандандырылған жабдықпен жабдықталды. Сапалы қызмет көрсету үшін қосымша жұмыс орындары құрылатын болады. Орталықтың келушілері үшін күніне екі рет тамақтану ұйымдастырылады. Жылына белсенді ұзақ өмір сүру орталығы 90-ға жуық адамды қабылдай алады, – деп хабарлады Шемонаиха ауданы Певромайский кентінің әкімдігінде.

Орталықтың салтанатты ашылуы барысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Мусинова сөз сөйледі. Ол мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ардагерлер мен зейнеткерлерге қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын жақсарту, шығармашылық әлеуетті іске асыру үшін жағдай жасау, қоғамды белсенді өмірге тарту болып табылатынын атап өтті.


Сондай-ақ, "Ертіс концерт" солисі, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық “Менің Қазақстаным” атты фестивалінің лауреаты, Мәдениет саласының үздігі, 2020 жылы Елбасының" Халық алғысы "медалін алған Нұргүл Қабдоллаеваның, сондай-ақ ШҚО әкімі симфониялық оркестрінің және облыстық мемлекеттік филармонияның қазақ халық аспаптары оркестрінің солисі," ҚР Өнер қайраткері орденінің және Мәдениет қайраткері белгісінің иегері Альмира Нұрғожинаның қатысуымен концерт өтті.

2022 жылдың басынан бастап белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қарт адамдарға көмек көрсету, олардың денсаулығын қолдау, оларды қоғамдық өмірге тарту бойынша өз жұмысын бастайды. Зейнеткерлер үшін әлеуметтік-мәдени бос уақыт және оқыту, сауықтыру іс-шаралары, көркемөнерпаздар үйірмелері ұйымдастырылады.

Рекомендовать
Последние новости