ШҚО. Тәуелсіздік табыстары – балабақшадан мектеп табалдырығына дейін

Dalanews 14 дек. 2021 07:02 1275

Тәуелсіздік жылдары елдің білім беру жүйесі ауқымды өзгерістер орын алды. Балабақшалардың, шағын орталықтардың ашылуы соның айқын дәлелі. Оқушылар ІT-технологияларды, робототехниканы оқуға және өз елін әлемдік деңгейдегі олимпиадалар мен сайыстарда көрсетуге мүмкіндік алды. Шығыс Қазақстан облысы білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда алдыңғы орында келеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

90-шы жылдардың бірінші жартысында мектепке дейінгі білім беруді оңтайландыру аймақтың білім беру саласы үшін елеулі сынақ болды. Балабақшалар саны бір демде 896-дан 62-ге дейін қысқарды.

Түбегейлі өзгерістер «Балабақшаға барамыз» және «Балапан» бағдарламаларының қабылдануымен басталды. Аталмыш бағдарлама бойынша  3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен жүз пайыз қамтуға мүмкіндік берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің мәліметінше, 33 мың балаға арналған 278 балабақша салынды. Сонымен қатар, жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер де қатар дамыды.

Бүгінгі таңда 70 536 баланы қамтитын 795 балабақша балаларды мектеп өміріне сапалы дайындау, әлеуметтендіру және дамыту қажеттілігін толық қанағаттандырады.

Тәуелсіздік жылдарында жалпы орта білім беру жүйесінде ғаламат өзгерістер болды. Өңірде 38 145 орындық 147 мектеп салынды. 2025 жылға дейін тағы 33 мектеп салу жоспарлануда.

Тілдерді дамытудың қабылданған мемлекеттік бағдарламасы және халықтың қажеттілігі өңірде мемлекеттік тілде оқытатын мектептер желісін дамытуды көздейді. Егер 90-шы жылдардың басында қазақ тілінде оқытатын мектептер 28 пайызды құраса, ал қазіргі көрсеткіш – 78 пайыз.


Мемлекет дарынды балаларды одан ары дамытуға ерекше көңіл бөлуде. ШҚО-да жаңа гимназиялар, лицейлер, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер, түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, Назарбаев Зияткерлік мектептері ашылды.

Бұдан басқа, білім беру мазмұнына «Информатика» пәні енгізілді. Жоғары оқу орындары осы бейін бойынша мұғалімдерді даярлап, мектептер – компьютерлік техникамен және интернетпен жабдықтала бастады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ақпараттық технологияларды дамытудың жетістігі болды. Бүгінгі таңда облыстың орта білім беру жүйесі компьютерлермен жабдықталған.

Интернетке қолжетімділік барлық білім беру мекемелерінде, соның ішінде ауылдық жерлерде де бар. Әр мектепте IT-сынып ашылып, онда әлемдік стандарттарға сәйкес әр түрлі бағдарламалау және 3D-модельдеу тілдерінде цифрлық өнімдерді жасаудың тереңдетілген бағдарламалары енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысы үштілді білім беруді енгізудің пилоттық алаңына айналды. Бағдарлама аясында бірнеше пәндерді орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде оқытатын мектептер желісі дамытылды.

Педагогтердің құзыреттілігін арттыруға ерекше назар аударылды. Үш жыл ішінде біліктілікті арттыру курстарынан 3 700 тілдік пән мұғалімдері өтті.

Облыс аумағында жалпы оқушылардың 90 пайызын (173 мың) қамтитын 114 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. 6 669 спорт секциясында балалардың 56 пайызы тегін спортпен шұғылданады.




Айта кету керек, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру тәсілі түбегейлі өзгерді. Егер 90-шы жылдары облыс аумағында 27 арнайы мектеп-интернат жұмыс істесе, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың арқасында олардың саны екі есеге қысқарды. Мүмкіндігі шектеулі балалар қарапайым мектептерде сапалы білім алуға қол жеткізді.

Бүгінгі күні облыстың барлық 644 мектебінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. 16 психологиялық-педагогикалық түзету және 75 инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды.

Рекомендовать
Последние новости