Тәуелсіздік жылдары ШҚО дәрігерлері 3 мыңнан астам сапалы медициналық құралғыларға ие болған

Dalanews 22 дек. 2021 18:31 1201

Қазіргідей пандемияға қарамасын Шығыс Қазасқтан облысында денсаулық сақтау саласын дамытып, тиімділігін арттыу ісіне баса көңіл бөлінуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде облыс басшысы Даниал Ахметовтың өзі денсаулық сақтау саласын нығайтуға басы көңіл бөліп келеді. Соның арқасында ШҚО еліміздегі аймақтар арасында медицина саласы жетілген өңір ретінде танылып отыр. Осы ретте өңірдегі денсаулық сақтау саласының жетістіктер бір күнде орнаған жоқ. Бұл жылдар бойығы табанды еңбектің арқасы десек болады.

Өз кезегінде Даниал Кенжетайұлы 2017-2021 жылдар арылғында облыстың денсаулық сақтау саласын нығайту үшін аса қажет 3 мыңнан астам сапалы, заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтар сатып алынғанын алға тартқан болатын. Осылайша бірінеше жылдың ішінде өңірдегі жоғары технологиялы меджабдықтардың көлемі 2,5 есеге артып, облыс тұрғындарының денсаулығы жақсара түскен. Дәл осы кезеңде 216 су жаңа жедел жәрдем көлігі алынып, халықтың игілігіне берілгенін айта кетуіміз керек.

Ал денсаулық сақтау саласындағы биылғы жылдың басты жаңалығы ретінде көптен күткен Семей қаласындағы ядролық медицина орталығы онкологиялық диспансердің ашылғанын айрықша атап айтуға болады. Бұл орталық тек ШҚО тұрғындарының ғана емес тұтас елдің игілігі үшін жұмыс істейтіні анық. Осылайша ШҚО 2021 жылы да денсаулық саласын нығайтып, биік белестен көріне білді.

Рекомендовать
Последние новости