Тәуелсіздік жылдары Азаматтық форум елордадағы үкіметтік емес ұйымдар жұмысына серіп берумен келеді

Dalanews 23 нояб. 2021 06:38 1016

Елордада оныншы республикалық Азаматтық форум қарсаңында «Тәуелсіздіктің 30 жылы: мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы тиімді серіктестіктің жемісі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеңейтілген отырысқа Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, консультативтік кеңес мүшелері, елорда әкімдігінің, уәкілетті органдардың өкілдері, ҮЕҰ басшылары, сондай-ақ азаматтық белсенділер мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов отырысты аша отырып, биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтілетінін қозғады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің орнықты дамуы мен халық бірлігін нығайту жолында мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатудың маңыздылығын әрдайым атап өтеді.

Алғашқы күннен бастап, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарға қарамастан елде азаматтық қоғам институттары ашылды, қазір өсіп, дамып келеді.

– Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «бүгінде азаматтық қоғамның рөлі артып келеді. Бұл – қалыпты әрі жағымды құбылыс. Сондықтан азаматтық қоғамның дамыған институттары – бұл одан әрі саяси жаңғыртудың магистральдық жолы» деп ерекше атап өтті. Қазақстанның 10-шы Азаматтық форумы қарсаңында біз ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңестің кеңейтілген отырысын өткіземіз. Бүгінде елордада 4,5 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, олардың әрқайсысы маңызды және өзекті әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысады, – деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Әкім бүгінде қалада елорда тұрғындарының түрлі санаттарымен өзара іс-қимыл жасау үшін орталықтар белсенді түрде ашылып жатқанын еске салды. Қала тұрғындарымен нақты жұмыс жүргізу үшін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы құрылды, онда 12 мемлекеттік органның 70-тен астам қызмет түрі көрсетіледі. Ашылған сәттен бастап «Жанұя» орталығына 100 мыңнан астам адам жүгінген. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды, онда аға буын өз тәжірибесімен бөлісіп, қоғамдық өмірге белсене араласып келеді.

– Сонымен қатар, барлық санаттарды қамту үшін қалада осындай 15 орталық ашылды. Ерекше балаларға арналған 10 оңалту орталығы жұмыс істейді. Күн сайын 1 мыңнан астам бала оңалтудан өтеді. «Open akimat» жұмысы ұйымдастырылды, онда биыл 47 мыңнан астам азамат қабылданды. Бүгінде барлық қызмет біздің тұрғындар үшін ашық, кедергісіз, бір терезе қағидаты бойынша қолжетімді. Сонымен қатар, біз әкімдіктің мемлекеттік қызметтерін онлайн форматқа көшірдік, – деді әкім.


Қала басшысының айтуынша, екі жыл ішінде 70 000-нан астам азық-түлік себеті таратылды. Бұл көбінесе еріктілер мен ҮЕҰ арқасында жүзеге асырылды.

– Қысқы уақытта еріктілер күн сайын көмекке мұқтаж тұрғындарға ауласының қарын күреуге, дәрі-дәрмек сатып алуға және басқа да күнделікті жұмыстарға көмектеседі – бұл азаматтық қоғамның белсенділігінің көрсеткіші, – деп атап өтті ол.

Кездесуге қатысушылар 90-шы жылдардың басында елордада азаматтық қоғам институтының қалыптасуы қалай өткенін, қоғам өкілдері қандай қиындықтарға тап болғанын және бүгінгі таңда еліміздің бас қаласын дамытудың бірінші кезектегі міндеттерін шешуде үкіметтік емес сектордың рөлі қаншалықты маңызды екенін айтып берді.

– Үкіметтік емес сектор өз тарихында қоғам үшін маңызы зор, үлкен жұмыстар атқарды. Бірақ оны бастау әрине оңай болған жоқ. 2003 жылы Қазақстанның Тұңғыш Азаматтық форумы өтті, оған Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 500 делегаттың алдында сөйлеген сөзінде Елбасы бізге қосқан үлесі мен атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, үкіметтік емес сектордың одан әрі дамуы бізге және біздің жұмысымызға байланысты болғандықтан, одан да зор күш-жігермен жұмыс істеуге шақырды, – деп еске салды Қоғамдық кеңестің хатшысы, Нұр-Сұлтан қаласының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Мұхтар Еркетаев.

Ол 2003 жылдан бастап азаматтық қоғамның белсенді дамуы және үкіметтік емес сектордың мемлекетпен тығыз ынтымақтастығы басталғанын атап өтті.

«Ардагер» қоғамдық бірлестігінің президенті Баян Ахметжанова азаматтық секторда жұмыс істеген алғаш уақыттарда Ақмолада үкіметтік емес бірлестіктер болмағанын айтты. Барлығы алғаш рет, сынақ әдісімен басталыпты.

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында азаматтық қоғам институттарының ашылуы, өсуі мен нығаюы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қиын кезеңінде өтті. Шындығында үкіметтік емес сектор үлкен белестен өтті. Елордада 2003 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Қазақстанның алғашқы Азаматтық форумы өтті. Дәл осы оқиға азаматтық қоғамның жүйелі қалыптасуы мен дамуына серпін берді, – деді Баян Ахметжанова.


ҮЕҰ өкілдері жиын барысында азаматтық қоғамның дамуы мен оның тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі жетістіктерін талқылады. Кездесуге қатысушылар үкіметтік емес сектор мемлекет дамуының локомотиві, қоғамда болып жатқан үдерістердің барометрі болып саналады деген ортақ пікірге келді. Жұмыс істеп тұрған үкіметтік емес ұйымдар әртүрлі, бірақ бір міндетті шешуге – тұрғындардың өмірін жақсартуға бағытталған. Олардың қатысуымен қоғам өмірінің барлық салаларында маңызды және өзекті мәселелер шешіледі.

Отырыс соңында қатысушылар қоғам дамуының бірінші кезектегі міндеттерін шешуде үкіметтік емес сектор мен мемлекеттің ынтымақтастығын нығайту бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстар айтты.

Айта кету керек, іс-шара санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілді.

Рекомендовать
Последние новости