Тасмағамбетов Украинаға қарсы «агрессияны қолдады» деп айыпталды

Көркем Алдабергенова 14 нояб. 2025 16:24

ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметін атқарып отырған Иманғали Тасмағамбетовтің есімі украиналық «Миротворец» сайтының дерекқорында пайда болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тасмағамбетовтің карточкасында оған Украинаға қарсы «агрессияны қолдады» деген айып тағылған.

Аталған интернет-ресурс журналистердің, ДНР мен ЛНР жауынгерлерінің және сайт «отанға опасыздық жасады» деп атайтын басқа да тұлғалардың жеке деректерін жариялауымен аты шыққан.

2016 жылдың көктемінде «Миротворец» ДНР мен ЛНР-дан аккредитация алған журналистердің, соның ішінде шетелдік тілшілердің де, тізімін олардың байланыс ақпараттарымен бірге жариялаған.

Мұның нәтижесінде кейбір журналистерге қоқан-лоқы жасалған жағдайлар тіркелген.


Рекомендовать
Последние новости