“Табысын әдейі азайтып көрсететіндер бар”: Тоқаев мемлекеттік көмек мәселесін сынға алды

Қаракөз Амантай 07 февр. 2024 12:28 1853

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның пікірінше, мемлекеттен көмек шынайы зәру адамдарға ғана берілуі тиіс.

"Халыққа әлеуметтік көмек береміз деп, шыны керек, қоғамда масылдық психологияға жол бердік. Өркениетті ел боламыз десек, мұндай жағымсыз үдеріске тосқауыл қоюымыз керек. Тұратын үйі, тіпті, астында қымбат көлігі бар азаматтарға емес, көмекке зәру адамдарға көмек берілуі қажет", - деді президент.

Президент бүгінде төрт жарым миллионға жуық адам мемлекеттен әлеуметтік көмек алатынын алға тартты. Айтуынша оның басым көпшілігі – еңбекке жарамды азаматтар. Осы тұста ол азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін қайта қарауды ұсынды. Себебі мемлекеттен көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсететін адамдардың бар екенін алға тартты.


Рекомендовать
Последние новости