Судья Айжан Күлбаева оның өміріне Бишімбаев процесі қалай әсер еткенін айтты

Көркем Алдабергенова 04 окт. 2024 14:42 5052

Судья Айжан Күлбаева оның өміріне Бишімбаев процесі қалай әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

"Судья ретінде тәртіппен көбірек жұмыс істей бастадым: бұл процесс арқылы мендегі кемшіліктерді анықтап, солармен жұмыс істеп жатырмын. Ал адам ретінде... Ол жайлы ештеңе айта алмаймын... Көп нәрсе туралы ойлана бастадым", дейді Күлбаева. 

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімаевтың ісінде судьяны компьютер таңдаған болатын. Бұл туралы Жоғарғы сот төрағасының судьясы Елена Максюта айтты. 

"Механизм бойынша, адамдардың араласуынсыз бәрін компьютер таңдайды. Бұл жерде судьяның жүктемесі есепке алынады, сөйтіп автоматты түрде таңдалады", - деді ол.

Ал судья Айжан Көлбаева бұл іс көпшіліктің талқысына түсіп, үлкен резонанс тудырады деп ойламаған.

"Дәл бұлай болады деп ойламадым. Әдеттегідей процеске баладым. Бұл менің бақылауымда болған ең қиын іс деп айта алмаймын. Әлеуметтік желіде маған қатысты пікірлер жазыла бастағанда таңғалдым", - деді Айжан Көлбаева.

Сот процесі жүріп жатқан кезде әлдекімдер Бишімбаев ісі бойынша судья Құлбаеваға қоңырау шалып, қорқытқан болатын. 

Астана қаласының Полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, интернетте жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқықбұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланым анықталыпты.

Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады.


Рекомендовать
Последние новости