СҚО-да жаңа су-құтқару станциясы ашылды

Ақтоты Жапатова 08 июл. 2025 11:20

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайлар қызметінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Бүгін Петропавлда Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің қатысуымен өңірлік құтқарушыларға 11 жаңа өрт сөндіру көлігі салтанатты түрде табысталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Жаңа техника шалғай елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін кеңейтеді. 

Сондай-ақ, Есіл өзенінің жағалауында жаңа су-құтқару станциясы іске қосылды. Жаңа нысан су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтарға жедел көмек көрсетуге және алдын алу шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.


Рекомендовать
Последние новости