СҚО-да 840 млн теңге жымқырды деген шенеунік сотқа тартылды

Көркем Алдабергенова 13 мар. 2025 13:12 1207

СҚО-да коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммерциялық ұйымның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол Ұлттық қор қаражатынан жылыжай кешенін салу үшін жапырақты көкөністерді өсіру жөніндегі жабдықтарды сатып алуға бөлінген 840 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Айыпталушы сотқа тартылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Рекомендовать
Последние новости