Швейцарияда 1 қаңтардан бастап қоғамдық орындарда паранжа мен ниқаб сынды адам бетін толығымен жасырып тұратын киімдер киюге тыйым салатын заң күшіне енді, деп жазады Dalanews.kz.
Швейцарияда бұл мәселе көптің талқысына салынып, ақырында 2021 жылы наурызда референдум өткізілді. Референдумда бұл тыйымды қолдаушылар 51,2%-ы дауысқа ие болды.
ТАСС мәліметінше, бұл тыйымды бұзған адамға қатысты 110,2-ден 1102 долларға дейін айыппұл салынбақ.
"Тыйымға ниқаб пен паранджа сияқты мұсылман діндарларының киімдері, сондай-ақ футбол жанкүйерлері киетін балаклава ілініп отыр. Енді оларды дүкендерде, мейрамханаларда, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық көліктерде киюге тыйым салынады. Дегенмен бетті жауып тұратын киімдер мен заттарды діни орындарда, карнавалдарда немесе суықтан қорғау мақсатында киюге болады", делінген талап сипаттамасында.
Алдында Сент-Галлен және Тичино аймақтарында қолданылған бұл тыйым түрі енді бүкіл ел бойынша өз күшіне енеді. Тыйым Швейцарияда тұратын 400 мың мұсылманның аз бөлігіне қатысты, мұнда ниқабты мұсылман әйелдердің тек 20-30 шақтысы ғана киетін көрінеді.
Айта кетсек, Еуропада бірінші болып бетті тұмшалаушы киім киюге тыйым Францияда 2011 жылы енгізді.