ШҚО-да Инклюзивті бастауыш мектебі ашылмақ

Dalanews 24 сент. 2024 21:15 761

Жобаның бірегейлігі, сөйлеу қабілеті кеш дамыған 5-6 жастағы балалар, нейротиптік балалармен бірге инклюзивті түрде, дәрігерлердің ұсыныстары ескеріле отырып оқытылады, деп хабарлайды Dalanews.kz Altaynews-ке сілтеме жасап.

Инклюзивті бастауыш мектептің ашылуы 15 қазанға жоспарланған. Мектепті С. Аманжолов атындағы ШҚУ ашып отыр.

"Инклюзивті білім беру мақсатында еліміздің 16 педагогикалық білім беретін жоғары оқу орнына инклюзивті білімді дамытуға министрліктен арнайы қаражат бөлінді. Сыныптағы барлық жұмыс материалдарының сапасы жоғары екенін көріп отырмыз. Біз ерекше балаларымызға сапалы білім беруде қаржымызды аямадық", - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар, Министр алдағы уақытта университеттердің жанында инклюзивті балабақшалар ашуды және бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де дамытылатынын атап өтті.
Жаңа инклюзивті бастауыш мектебінде оқушыларға студенттер мен магистранттар ұстаздық етіп, негізгі және қосымша сабақтар өткізетін болады. Сабақтар ата-аналардың таңдауы бойынша: логика, логопедия, сенсорлық-спорттық секциялар, дизайн, робототехника, тілдерді үйрену және т. б. пәндермен толықпақ.
"Инклюзивті білім мектебінде оқу - баланың интеллектуалды, әлеуметтік және эмоционалды жетілуіне көмектеседі. Бұл әрі қарай оның даму мен сапалы өмір сүруіне негіз болмақ. Біз баланың ақыл-ойын белсенді шығармашылық әрекетке итермелеп, жағымды орта құруға және тұрақты психологиялық тексеруге назар аударамыз. Ал баланың даму динамикасы оның бастапқы және қорытынды диагностика деректерінің салыстырылуымен анықталады", - деді Психология және түзету педагогикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Светлана Стельмах.
Мектеп парталары мен орындықтарының негізгі критерийлері — қауіпсіздік және көпфункционалдылық.

Сондықтан инклюзивті оқытуға арналған жабдықтар мен жиһаздар университеттің "Shygys Bastau" өндірістік цехында дайындалды.
Сонымен қатар, мектепте кедергісіз орта, сапалы әдістемелік сүйемелдеу қарастырылған.


Рекомендовать
Последние новости