Қазіргі таңда елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда. Аталған бағдарлама бойынша халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін кезең-кезеңмен көтеру қарастырылған.
Белгілеген меже бойынша 2022 жылы ел азаматтарының цифрлық сауаттылық деңгейі 83 пайызды құрау керек. Қазіргі таңда «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Шығыс Қазақстан облысында сәтті жүзеге асуда. Оны қазірдің өзінде өңірдегі халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 84,1 пайызға көтерілгенінен аңғаруға болады.
Бүгінде онлайн төлемдер, электронды қызметтерді пайдалану, мессенджерлердің көмегіне жүгіну күнделікті үйреншікті жайтқа айналғаны белгілі. Осындай заманауи үрдістер ел өміріне еркін кіргеннен кейін Үкімет «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, цифрлық қызметтің халық үшін қол жетімді, оңай болуын қамтамасыз етуге күш салып келеді.
Қазіргі таңда электроды үкімет порталы арқылы ел азаматтары сапалы мемлекеттік қызметке қол жеткізіп отыр. Бүгінде түрлі анықтамалар, өтініш беру, есепке қою, лицензия алу сынды жұмыстарды үйден шықпай-ақ осы порталға жүгініп бітіруге болады.
Сол сияқты банк, пошта қызметі де өздерінің жұмысын электроды форматқа көшіріп, жұмыстарын жеңілдетуге барынша күш салып жатқанын көріп отырмыз.
Журналситермен жүздесуде ШҚО Цифрландыру басқармасының басшысы Марина Гагарина шығысқазақстандықтарды цифрлық сауаттылығын арттыруда бес оқыту бағдараламасы негізін жүзеге асып жатқанын алға тартты.
Биылдың өзінде өңір тұрғындары 9,7 млн мемлекеттік қызметті пайдалаған. Соның 9,6 миллионы электроны форматта жүзеге асып, облыста мемлекеттік электронды қызметті тұтыну көрсеткіші 98,7 пайызды құраған. Осы ретте ШҚО-ның әрбір ауданындағы 22 орталықта 578 өз-өзіне электроныд қызмет көрсету бұрыштары құрылғанын айта кетуіміз керек.
Бұдан басқа ШҚО-ның барлық аудан орталықтарындағы инженерлік желілерді цифрландыру ісі қарқын алып, өңірдің геомәліметтері Мемлекеттік жер кадастры мен Біріктірілген мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына қосылғанын атап айтуға болады.
Қазіргі таңда аталған жүйеге тіркелуішлерді саны 120 мыңнан асып, порталға 64 млн өтініш келіп түскен.