Шошқадан жиіркенбейтін қазақтар өсіп келеді - Бекболат Тілеухан

Dalanews 11 июл. 2019 05:48 918

"Ел ырысын жеген жан жазасыз кетем деп ойламай-ақ койсын» дейді Бекболат Тілеухан. Халық қалаулысының көкейіндегі көп ойды ықшамдап назарыңызға ұсындық, құрметті оқырман.



 

Солженицыннің сақалы мен менің сақалымды салыстыруға келмейді


Ресей қайда, біз қайда! Ресей – жан-жағын жайпаған азуы алты қарыс империя. Ал Қазақстан болса – тәуелсіздігі кеше ғана қолына тиген, етегін жаппаққа ұмтылған, есін жаңа ғана жиып жатқан кешегі отар ел.

Империя азаматында өзі қартайса да, мұрны қартаймайтын империялык бұқа-көкірек болады. Солженицындер – сол көкіректің көрінісі. Ал біз болсақ, тұсауын шешсе де, кос аяқтап секірген тарпаң санасынан тамшы ғана қалған, құлдық санасы жабағы жүні секілді түспей қойған тайторымыз.

Біз – шабуылшы жұрт емес, қорғанушы елміз!

 «Ол тықыр мен бұл тықыр бөлек» дегендей, әйтеуір ауыздың астына орналасты демесеңіз, түсі де, күші де басқа, ниеті бөлек Солженицыннің сақалы мен менің сақалымның айырмасындай мүлдем салыстыруға келмейтін құбылыс қой!

Жұтқысы келген жыртқыш пен жан сауғалаған бейбақтың халін сараптау үшін көп ақыл керек емес еді. Қайтесіз енді «сынаушымды жетесіз қылып тәңірім берген-ді», Субхан Аллаһ!

Қазақта бір әфсана бар. Адам калың отқа оранып жатыр дейді. Сонда от үстінен ұшқан қарлығаш қанатымен су себер дейді. Сырткөздердің: «Қалың отты тамшы сөндірмек түгілі түспей жатьш кеуіп кетеді ғой, несіне әуре боласың», – деген сөзіне қарлығаш: «Ниетімді білдіргенім ғой» дейді екен. Сол оттың үстінен ұшқан құзғын май тамызар дейді.

Оған: «Бірер тамшы майыңнан онсыз да лаулаган от күшейіп жарытар деймісің, несіне әуре боласың», – дегеніне, құзғын: «Ниетімді білдіргенім ғой» – дейді екен.

 

Біз қалай жеңілдік?


Еуразияның апайтөс даласында атой салып, үзеңгісіне шіренген жалпақ жұрт жалтақ жұртқа айналу себебін білу үшін тарихи сана керек.

Отарлықтың қамытында омалып жатып, Шері Әметтің ұрпағы «Шереметьево» біздің туыс, Тургеневтің түп атасы Түрген бізден, Тюмень біздің Төмен, Курган – Қорған т.б. с.с. шалқулар түсініксіз. Рас, туысы туыс. Еділ ен жайлағанымыз да рас. Бірақ не пайда?  

Түбін қуып келсең, қазақты қан қақсаткан казактар да бізден алыс емес. Плевако да бізге жиен еді. Екібастұздың көмірін өтімсіз еткен Аман Төлеев те қандасымыз. Әрі-беріден соң мәселе қанда да емес. Мүддеде!

Қараңызшы енді! Қазақ тілінің тағдыры алдында Есілбаев биік пе, Княгинин биік пе? Ұлтынды масқаралаған Қанағат Жүкешев қымбат па, әлде қазақ үшін шырылдаған Асылы Османова қымбат па? Қазақ өнерінің алдында Брусиловский кандай, Ермек Тұрсынов қандай? Осы салыстырған қандастарымыз ненің жемісі? Және бұлар бүгінде бірлі-жарым ғана емес, олар көп. Шіріген жұмыртқаны шіріткен кімдер?

Басқыншы жұрттың ғасырлар бойы жүргізген саясаты. Бірде күшпен, бірде іспен жүргізілді ол саясат. Бөліп-бөліп биледі. Біріне бірін айдап салды. Дүниеқоңызын сатып алды, батырының басын алды. Ұрпақтың миын улады. Мансапқорына тақ, шолақ ойлыға шоқпар, өсекшісіне ақпар берді. Ақыр соңы жеңді. Биледі. Діттегеніне жетті. Нәтижесінде тілің шала-пұла, дінің ала-құла боп, жеңілдің.

 

Ақсақал жеңілдім деп тұрған жоқ 


Немересімен орысша шүлдірлескен ақсақал жеңілдім деп тұрган жоқ. Жетістім деп мәз. Сәбиіне «поросенок мой» деп елжіреген келіншек басқыншыны арманынан шығарып, «доңыздың басқан шөбін тұлпарына жегізбеген» Кенесарының арман-мұратын аяқасты етіп тұрғанынан бейхабар. Бас сүйегінің күлсалгыш болғанынан да, баласына елжіреген әлгі әйелдің осы қылығы Хан Кенеге ауыр болатынын сезу үшін де тарихи сана қажет!

Басқыншы жұрт бауырларымызды Еділдің арғы бетінен бері ығыстырып, жолай бейбіт ауылдың қыз-қырқынының абыройын төгіп, еркеккіндігін қырып салды.


Ұрпақтың жүрегіне жара, қайсарына - кек, жуасына - үрей болып сіңген көріністі сезіну үшін тарихи сана керек еді.

Енді атаңның құны, анаңның ары кеткен басқыншы жұрттың тілінде сөйлеуді мақтаныш тұтқан санасы құлданған ұрпақта ақыл бар ма, ес бар ма?

 

Шошқадан жиіркенбейтін қазақтар өсіп келеді 


Әрі-беріден соң, ана тілін біле тұра әдемі сөйлеген орысшасын мақтан тұтқан кембағал кейіп, оңбаған сана қайдан?! Кешегі құлдықтан. Енді осы сорлы ахуал санаңа салтанат құрып тұрганда шын мемлекетшілдік қалыптаса ма? Әй, қайдам! Сөз жоқ, тіл – ұлттың басты сипаты. Азаматтарымыздың ұлттық сипатқа деген құлшынысы – ұлттық қуатымыздың өлшемі болмақ.

Ол дегеніміз – дүкенде, әуежайда, көшеде, шаңырағында, жанармай бекетінде керегіңді әуелі мемлекеттік тілде талап ету.


Тілді білмегенге сауатты, мәдениетті түрде мемлекеттік символға деген құрметті өркениеттіліктің белгісі екендігін ескертіп барып, орысша, ағылшынша сұрай жатарсыз. Тіл – қоғамда қажеттілік туған жағдайда ғана құлаш жаятын нәрсе. Қажеттілікті тұтынушы тудырады. Егер сен, мен, ол, жүз адам, мың, сосын миллиондар, ең құрығанда, дүкенде керегін қазақша сұрасыншы.

Дүкен иесі тілге  жанашырлықтан емес, тауары өту үшін қазақша сөйлейтін адамды сатушы етіп қояды. Сонда сен тіліңе деген қажеттілік тудырудан бір қазақтың жұмыс табуына себеп болдың.

Рекомендовать
Последние новости