Шығыстағы 795 балабақшада 70 536 бүлдіршін тәрбиеленуде

Dalanews 14 дек. 2021 17:07 1371

Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстан облысы білім беру саласы жан-жақты дамып, балаларға заман талабына сай білім берудің жүйесі қалыптасты. Бүгінде балаларды балабақшамен қамту ісі жүз пайызға жеткен, – деп хабарлайды Dalanews.kz.    

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары білім саласындағы оңтайландыру ісі мектепке дейінгі мекемелерге салқынын тигізгені белгілі. Өңірде балабақшаларың үлесі 896-дан 62 бірлікке қысқарғанын тоқырау жылдарының қаншалықты қиын болғанын байқауға болады.

Ел экономикасы қалыпқа келгеннен кейін облыс аумағында жаңа балабақшалар салынып, жағдай оңала бастады. Осы ретте өңірде қабылданған «Балабақшаға барамыз» және «Балапан» бағдарламасының арқасында Шығыс Қазақстан облысындағы 3-6 жас аралығындағы балалар жүз пайыз мектепке дейінгі мекемемен қамтылғанын атап айтуға болады.

Тәуелсіздік жылдары тоқырау жылдары жабылып қалған 278 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 33 мыңнан астам бүлдіршінге есігін айқара ашты. Бұдан басқа облыстағы мектепке дейінгі мекемелер санының артуына жекеменшік балабақшаларда өз үлесін қосқанын айта кетуіміз керек.

Облыстық білім бөлімнің таратқан мәліметінше, қазіргі таңда облыс аумағында 795 балабақшада 70 536 бүлдіршін тәрбиленуде. Балабақшалардың бәрі заман талбына жауап береді.

 

Рекомендовать
Последние новости