Тәуелсіздік жылдары ШҚО-да қазақ тілді мектептердің үлесі 28 пайыздан 78 пайызға жоғарлаған

Dalanews 12 дек. 2021 17:34 1431

Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстан облысы білім беру саласы жан-жақты дамып, балаларға заман талабына сай білім берудің жүйесі қалыптасты. Қазіргі таңда өңірдегі жас жеткіншектер IT-технология мен  робототехниканың сырын меңгеріп, халықаралық олимпиадалаға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр, – деп хабарлайды Dalanews.kz.    

Еліміз Тәуелсіздікке ие болғалы бері Шығыс Қазақстан облысында 147 мектеп салынып, 38 145 балаға сапалы білім беру мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі таңда облыста апаттық жағдайда тұрған мектептердің мәселесі түбегейлі шешілген. Шығысқазақстандық оқушылар сапалы, заман талабына сай білім беру мекемелерін алаңсыз білім алуда.

Алдағы 2025 жылға дейін облыс аумағында тағы да 33 мектеп салу жоспарланып отыр. Осы ретте білім беру саласына жауапты маманда алдағы уақытта салынатын мектептердің бәрі қазақ тілінде білім беретінін айтуда. Бүгінде облыс аумағында қазақ тілінде білім беретін мектептерге деген сұраныс өте жоғары.

Тәуелсіздік жылдары Шығыс Қазақстан облысында қазақ тілінде білім беретін мектептердің үлесі бар болғаны 28 пайызды құраса, қазір жағдай түбірімен өзгерген. Қазір облыс аумағындағы қазақ тілді мектептердің үлесі 78 пайызға жоғарлаған.


Жыл өткен сайын қазақ мектептеріне деген сұраныстың артып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Бұдан Шығыстың қазақыланып келе жатқанын аңғаруға болады.

Осы ретте соңғы жылдары облыс аумағындағы талантты балаларға арналған гимназия, лицейлер мен мамандандыоылған мектептердің де қатары көбейе түскенін айта кетуіміз керек. Осы ретте өңірде «Назарбаев зияткерлік мектебіне» түсушілердің қатары күрт өскенін атап айтуға болады.

Рекомендовать
Последние новости