Шығыста көпбалалы отбасылар үшін 3 млрд теңгеге 228 пәтер салынып, тапсырылған

Dalanews 13 апр. 2023 12:07 1081

Шығыс Қазақстанның инфрақұрылымдық даму бөлігінде тұрғын үй, әлеуметтік нысандар, инженерлік желілер мен жолдар құрылысының көлемін ұлғайту жалғасуда. 2023 жылы облыста 190 млрд теңгеге 952 мың шаршы метр тұрғын үй салынуда, оның ішінде жеке инвестиция көлемі 150 млрд. теңгеге 650 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй салынуда. Жыл қорытындысы бойынша іске қосу 350 мың шаршы метрді құрайды.

– Көпбалалы отбасылар үшін өткен жылы 3 млрд теңгеге 228 пәтер салынды. Ағымдағы жылытағы 203 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 145 отбасы ауыл тұрғындары, олардың 93-і аз қамтылған отбасынан, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындай отырып, осы жылдың соңына дейін 22,3 млрд теңгеге іске асырылып жатқан 24 жобаның 13-і енгізілетінін атап өтті.

– Ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 95,4%-ды құрап отыр, 2023 жылдың соңына дейін 97,1%-ға дейін ұлғаяды, – деді Д.Ахметов.


Бұдан басқа, өңірді дамытудың өзекті бағыты ШҚО халқын сапалы интернетпен қамтамасыз ету болып қала береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың 363 елді мекенінің 160-ы сапалы мобильді интернетпен қамтылған. Қалған 203 ауыл 2026 жылға дейін кезең-кезеңімен интернетпен қамтамасыз етіледі.

– 203 ауылдың 16-сында мобильді интернет қолжетімді. Биыл жергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңгеге 19 антенна-мачт аламыз. Бұдан басқа ұялы байланыс операторларының қолданыстағы лицензиялық міндеттемелерін орындау есебінен де интернетпен қамтмасыз етеміз.  Айтадық, 70 ауылда қолжетімділік ұялы байланыс операторларының қолданыстағы лицензиялық міндеттемелерін орындау есебінен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 2023 жылы 63 ауылда, 2024 жылы 7 ауылда. Қалған 117 елді мекенді қамтамасыз ету 2025-2026 жылдар ішінде 2 бағыт бойынша жүргізілетін болады: 1 бағыт – ұялы байланыс операторларының қосымша лицензиялық міндеттемелеріне енгізу жолымен 100 адамнан және одан жоғары саны бар 69 ауыл; 2 – 100 адамнан кем саны бар 48 ауыл, спутниктік трансмиссия арқылы және талшықты-оптикалық байланыс желілері, – деп түсіндірді аймақ басшысы.

Рекомендовать
Последние новости