Шығыста «Ақпараттық технологиялар орталығы» құрылды

Dalanews 29 мар. 2018 12:02 984

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанынан «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ақпараттық технологиялар орталығы» ашылды. Жаңадан құрылған орталықтың басты мақсаты облыс көлемінде цифрландыру жұмыстарын дамыту болып табылады.



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді цифрландыру ісіне баса мән бергенін ескерсек, бұл бағытта қолға алынған жұмыстардың қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі өңірдегі тау-кен өндірісі, транспорт, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау мен білім беру және мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыруға баса көңіл бөліп отырғанын білеміз. Алдағы уақытта әкімдік жанынан құрылған орталық осы бағыттағы жұмыстардың алға басып, дамуына дем беретіні анық.

Айталық, 2017-2020 жылдар аралығында Өскемен мен Семей қаласындағы жол көлік қозғалысын бақылау, қос қаланы жарықтандыру жүйелерін толықтан цифрлық жүйеге көшірілмек. Сонымен қатар Өскемен мен Семейдің тұрғындары таяу болашақта қалалардағы бос жерлерді электронды картадан ешқандай кедергісіз көре алатын болады.

Рекомендовать
Последние новости