Шығыс Қазақстан Наурыз мерекесін атап өтуде

Dalanews 22 мар. 2017 08:52 915

Шығыс Қазақстан облысы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін атап өтуде. Айтулы мерекеде Өскемен қаласының өзінде ғана 200-ден астам шара өтіп, орталық алаңда 40-тан аса киіз үй тігілді.

«Қош келдің, әз Наурыз» атты көріністен басталған шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Қалалықтарға танымал эстада жұлдыздары «Дервиши», «Климанджаро» топтары өнер көрсетсе, белгілі цирк өнерінің майталмандары Мұтырғановтар әулеті өскемендіктерге жаңа мерекелік бағдарламасын паш етпек.

Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге айналған «Палау фестивалі», «Үздік киіз үй» байқаулары жарияланса, спортсүйер қауым асық ату, гір көтеру, қазақша күрес, сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстарға қатысып, бағын сынамақ.

Мерекелік концерт кешкі би кешімен жалғасын таппақ. Қала жастарын мерекесімен «Формат» тобы құттықтап, ән-шашуын паш етпек.

Рекомендовать
Последние новости