Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты іс сотқа жолданды

Сағыныш Сардарова 30 янв. 2026 18:08

Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Dalanews.kz HALYQSTAN-ға сілтеп.

Бұған дейін істі прокурорлар қосымша тергеуге полицияға қайтарған болатын.

HALYQSTAN мәліметінше, іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Инсайдерлік дерекке сүйенсек, Гүлайым Рахмонова бұл істе күдікті ретінде танылып отыр.

Іс сотқа жіберілгенін Жамбыл облысының прокуратурасы да растаған. Алайда сот процесі нақты қашан басталатыны әзірге хабарланған жоқ.

Еске салайық, Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы 2025 жылы 27 шілдеде жол апатына түскен еді.

Полицияның мәліметінше, республикалық маңызы бар Алматы–Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Жол апаты салдарынан екі әйел қаза тапқан болатын.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove