Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Көркем Алдабергенова 29 янв. 2026 13:03

2026 жылдың наурыз айында қазақстандықтар бірден екі мемлекеттік мерекені атап өтеді - Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) және Наурыз мейрамы (21–23 наурыз). Демалыс күндерінің ауысуына байланысты ел тұрғындары үшін демалыс уақыты ұзармақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2026 жылы наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша ең қысқа айлардың бірі болады.

Бес күндік жұмыс аптасында - 13 демалыс және 18 жұмыс күні,
алты күндік жұмыс аптасында - 9 демалыс және 22 жұмыс күні қарастырылған.

8 наурызда қалай демаламыз?

2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге - 8 наурызға сәйкес келеді. Демалыс күнін ауыстыру ережесіне сай, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Осылайша қазақстандықтарды ұзартылған демалыс күтіп тұр. Ал алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі.

Демалыс кестесі:
– бес күндік жұмыс аптасында: 7, 8 және 9 наурыз - үш күн қатарынан демалыс, 10 наурыз - жұмыс күні;
– алты күндік жұмыс аптасында: 7 наурыз - жұмыс күні, 8 және 9 наурыз - демалыс, 10 наурыз - жұмыс күні.

Наурыз мейрамында қалай демаламыз?

Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер мына күндерге сәйкес келеді:

– 21 наурыз - сенбі,
– 22 наурыз - жексенбі,
– 23 наурыз - дүйсенбі.

Мерекелік күндердің бір бөлігі демалысқа түскендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.

Наурыздағы демалыс тәртібі:
– бес күндік жұмыс аптасында: 21–25 наурыз аралығы - бес күн қатарынан демалыс (сенбіден сәрсенбіге дейін);
– алты күндік жұмыс аптасында: 21, 22, 23 және 24 наурыз - демалыс күндері, ал 25 наурыз - жұмыс күні.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove