"Шаш ал десе, бас алып", асыра сілтемеу керек!" Президент қатаң ескерту жасады

Сағыныш Сардарова 07 февр. 2024 11:21 2594

Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырып, мұны сапалы әзірлеу керегін айтты. Ойға келгеннің бәрін құжатқа қосып, бюджеттен қаржы бөлінбеді деу - қолдан түк келмейтінін мойындау екенін де қадап айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент тек аса қажет болған жағдайда ғана қаржылай қолдау шараларын қарастырған жөн екенін айтты.

"Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуға тиіс. Мен бұл шаруаның бағыт-бағдары туралы бірнеше рет айтқан болатынмын. Бизнес өкілдерімен кездесулерде де осы мәселеге тоқталдым. Уәкілетті құрылымдар жұмысты жандандыруы керек. Түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет. Алайда, өзге де құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс. Тағы да ескертемін, "шаш ал десе, бас алып", асыра сілтемеу керек. Мен мұндай жөнсіз әрекеттің қай-қайсысын да қатаң айыптаймын.

Біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлердің еркіндігін шектеу емес, керісінше, елімізде бизнеске және инвестицияға жайлы орта қалыптастыру. Бұл жұмыстың әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәні бар. Маңызды экономикалық міндетті орындауды көздейтін осы бастаманы ешкімнің жоққа шығаруына жол берілмейді", - деді Президент.


Рекомендовать
Последние новости