Шағын және орта бизнеске қолдау – бас партияның басты мақсаты

Dalanews 23 дек. 2020 15:06 1238

«Nur Otan» партиясының мақсаты – анық әрі айқын. Жетекші ұйым алдағы жылдарда бірқатар игі  істерге ұйытқы болады. Атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз етудің тетіктерін барынша жеңілдете отырып, баспанаға мұқтаж жандардың мәселесін шешуді көздеп отыр.

Әлеуметтік саланы дамыта отырып халықтың экономикалық жағдайын жақсарту. Шалғайдағы елді мекендердің шешілмеген шаруасын шешіп, ондағы халықтың күйін оңалту.

Экологиялық мәселелерді назардан тыс қалдырмай, жол және көлік инфрақұрылымының сапасын көтеру де бас партияны сайлауалды бағдарламасында толықтай көрініс тапқан.

Шымкентті барынша қауіпсіз қалаға айналдыра отырып, жұртты артық сабылыс азабынан біржола құтқаратын сандық технология дамыту да жоспарда бар. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету де бас партияның басты бағыты.


Партияның осы сынды негізгі мақсаттары түсіндірілген кезекті кездесу Шымкенттегі «Alageum» кәсіпорнында өткізілді. Жиынға ҚР Парламен Мәжілісіне үміткер Жадыра Танатарова қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Талғат Балтабаев, Нұргүл Кобланова, Мөлдір Бекеева, Лазиз Сулайманов, Асқар Молдабек қатысты.

Нақты мақсат пен негізгі міндетті жете түсінетін кәсіпорын ұжымы партияның белсенді мүшелеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Партияның сайлауалды бағдарламасы тұрғысында көптеген мәліметтерден қанық болған ұжым «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 500 кәсіпкерге қолдау көрсетуді мақсат етіп отырған «Nur Otan» партиясына толағай табыстар мен сәттіліктер тіледі.

«Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие. Сол себепті жерлестеріміздің көпшілігі «Nur Otan» партиясына сенеді.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев пен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев қойған маңызды мемлекеттік міндеттерін іске асыра отырып, республикамыздың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуде.

Біз әрқашан біргеміз!

«Nur Otan» нақты істер партиясы!

Материал ақысы Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Рекомендовать
Последние новости