Қаратал ауданында «Nur Otan» партиясының үміткерлері газ тарту мәселесін талқылады

Dalanews 23 дек. 2020 15:35 944

Алматы облысына қарасты Қаратал ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүруде. Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Үштөбе бастауыш партия ұйымының ұйытқы болуымен үміткер-кандидаттар халықпен кездесіп, ой бөлісті.

Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Константин Нестеров, Досжан Каримов, Қаратал аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Александр Булавин мен Бекет Бласов қатысты. Кездесуді «Nur Otan» партиясының Қаратал ауданында сайлауалды штаб төрағасы – Жандос Теңелбаев модератор болды.

Алқалы басқосуда негізінен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы талқыланып, сөз болды. Үгіт-насихат жұмысын жүргізу барысында тұрғындардың көкейінде жүрген маңызды мәселелерді шешу жолдары әңгіме өзегіне айналғанын айта кетуіміз керек. Өз кезегінде қарапайым халық талап-тілектері айтып, үміткер-кандидаттарға сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Осы ретте ауданға газ тарту мәселесі  бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты халық біраз сұрақ қойды.

Бұл сауалға «Nur Otan» партиясының Қаратал ауданында сайлауалды штаб төрағасы Жандос Қасқырбекұлы Қанабек ауылына газ тарту жұмыстарының қарқынды қолға алынғанын, аудан орталығы – Үштөбе қаласына биыл газ тарту мәселесі жоспарға алынып, алдағы уақытта жүзеге асатынын тілге тиек етті.

Сонымен қатар ауданның партиялық тізіміндегі кандидаттар – Әділ Боқбасаров, Нұржан Рахметқазинов, Болат Естеуов, Ажар Қалимолдина, Ілияс Жұманов «ЛАД» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлауалды бағдарламаның шарттарымен таныстырып, келешектегі мақсат-жобаларымен бөлісті.

Ауданда сайлауалды үгіт-насихат жиындары жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда.  Кездесулер  ұйымдармен, шаруа қожалықтарда және халық көп шоғырланған орындарда ұйымдастыру жоспарланған.

Біздің ортақ мақсат – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсарту, осы тұрғыда әрбір Қазақстандықты дауыс беруге шақырамыз. «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!», «Біздің дауысымыз-біздің болашағымыз!»

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Қаратал ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Рекомендовать
Последние новости