Сейсмикалық жағдайды бағалау комиссиясы Алматыда қауіпті жер сілкінісі күтілмейтінін алға тартты

Жарбол Кентұлы 04 мар. 2024 15:59 5385

Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкінісі Алматыда күтілмейді деген қорытындыға келді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 04 наурыз күні 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.

4.03.2024 жылы 11:22 мин (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.

Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды.

«Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70% күтілмейді деген қорытындыға келді.

Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады.

Жоғарыда аталған комиссияның келесі отырысы осы жылдың 6 наурызында алдағы сәрсенбі күні өтеді.

 


Рекомендовать
Последние новости