Сергей Лавров: «Ауғанстаннан қауіп төнсе әскери базамызды қолданамыз»

Dalanews 08 июл. 2021 07:48 945

Ресей одақтастарын Ауғанстаннан келетін қауіп-қатерден қорғау үшін барлық әрекетке баратынын ашып айтты. Осылайша Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров тәжік-ауған шекарасындағы жағдай туралы пікірін білдірген кезде айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Біздің одақтастарымызға төнетін қандай да бір агрессивті қадамдар болса, барлық әрекеттерімізбен көмектесуге дайынбыз, оның ішінде тәжік-ауған шекарасын қорғауда ресейлік әскери базаны қолданамыз, – деді Лавров.

Лавровтың сөзінше, бір күн бұрын тәжік-ауған шекарасына барған Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының (ҰҚКҰ) хатшылығы өкілдері ондағы жағдайға баға беріп, мәлімет берді.

6 шілдеде ҰҚКҰ бірлескен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров шағын топпен тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды бағалау үшін Тәжікстанға барған.

Осыған дейін «РИА Новости» агенттігі тәжік Ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап, тәлібтер Тәжікстанмен шектесетін 1430 шақырым жердің 70% астамын басып алғанын жазған.

Тәжік президенті шекараны қорғау үшін қосымша 20 мың әскерді жұмылдыруды тапсырған.

Рекомендовать
Последние новости