Семейде мұғалім оқушы қыздарды сипалап, тиісіп жүрген: министрлік пікірі

Сағыныш Сардарова 28 апр. 2025 16:26 264

Семейде мұғалім оқушы қыздарды сипалап, тиісіп жүрген. Балалардың құқығын қорғау комитеті жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"НеМолчи.kz" жариялаған видеодан оқиға мектептегі кабинеттердің бірінде болғаны көрінеді. Кадрлардан ер адам партаға сүйеніп тұрып, бір қолымен телефон ұстап, экранға қарап тұрғаны, ал екінші қолымен оқушы қыздың беті мен мойнын ұстайтыны көрінеді. Видеода қыздың беті жасырылған.

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті мәліметінше, видео 2023 жылы түсірілген. Қазір оқушы 9-сыныпта оқуын жалғастырып жатыр.

"Балалардың құқығын қорғау комитеті шұғыл түрде тексеріс жүргізді. Балаға қатысты орынсыз әрекетке жол берген педагог қазір білім беру саласында жұмыс істемейді. Сондай-ақ, комитет педагогтің іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына жүгінді. Бұл мәселе комитеттің тұрақты бақылауында", - деп жазылған хабарламада.

 


Рекомендовать
Последние новости