Семей тұрғындарына экологиялық саяхат ұсынылды

Dalanews 21 мая 2024 20:24 3548

 Семейде «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Қызыл кітап беттерін парақтау» эко-акциясы өтті. Іс-шараны «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесе «Таза Қазақстан» және «Парктер маршы» акциялары аясында ұйымдастырды,  деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Орталық саябақта тұрғындар қызыл кітапқа енген сирек өсімдіктер, жануарлармен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар Абай атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған тақырыптық көрмені тамашалауға мүмкіндік туды.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар назарын қорғалатын табиғи аумақтардың мәселесіне аудару, қорықтарды сақтау мен дамытуға нақты көмек көрсету, халықтың жабайы табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыру.

2024 жылы резерватта көшеттерді ауқымды түрде отырғызу жоспарланған. 6 100 гектар жерге 28 миллион 700 мың ағаш отырғызылады деп күтілуде. Бұл науқан екі кезеңде жүреді. Көшеттердің 5 000 гектардан астамы көктемде, ал қалған 961 гектары күзде отырғызылады.


Рекомендовать
Последние новости