Әйелін соққыға жықты деп айыпталған дипломат ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Сағыныш Сардарова 15 мая 2024 15:25 2480

Әйелін соққыға жықты деп айыпталып отырған дипломатқа қатысты жаңа деректер айтылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың сөзінше, әйелі зорлық жасады деп айыптаған қазақстандық дипломат Сәкен Мамашқа қатысты іс қозғалған.

"Азаптау дерегі бойынша іс қозғалды. Оның қазір қайда екенін айта алмаймын. Материалдар сараптамаға жіберілді, сараптама нәтижелері бойынша шешім қабылданады. Әзірге сараптама нәтижелерін қарау керек, жауап алып, сауалнама жүргізу қажет", - деді ол.

Бұған дейін Астана полициясы күйеуі соққыға жыққанын айтқан Карина Мамаштың ісіне қатысты пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деді Астана полициясының баспасөз қызметі Tengrinews.kz-ке.

Айта кетейік, әйелін ұрған деген күдікке ілінген - дипломат Сәкен Мамаш. Ол Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болған.

Бұл мәселені әлеуметтік желіде "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жариялаған еді. Ол Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі әйелін ұрып-соғатынын жазған болатын. Оның айтуынша, қазақстандық дипломат жұбайының әкпесіне де қол көтерген.


Рекомендовать
Последние новости