Қазақстандағы тұтынушылық сенімділік индексі 2025 жылғы ақпанда бейтарап серпін көрсетіп, 93 тармақты құрады, бұл зерттеу тарихындағы төмен көрсеткіштердің бірі. Теріс бағалаулар, әсіресе басқа компоненттердің ішінара қалпына келуіне қарамастан, экономикалық жағдайдың болжамдарында басым болып келеді.
Халықтың алдағы 12 айда экономикалық жағдайдың өзгеруіне қатысты болжамы тағы да нашарлады: қосалқы индекс 5 тармаққа төмендеп, 2023 жылғы маусым айынан бері ең төмен деңгейге жетті. Экономикалық жағдайдың жақсаруын күтіп жүрген респонденттердің үлесі қаңтардағы 45%-дан ақпандағы 40%-ға дейін қысқарды.
Экономикалық болашаққа деген сенімділіктің төмендеуі 20 өңірдің 15-інде байқалады. Ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді, онда көрсеткіш 45,7%-дан 25,9%-ға дейін төмендеді. Ал Ұлытау облысында неғұрлым жоғары көрсеткіш 43,8%-дан 60,7%-ға дейін өсті.
Ірі сауда жасаудың қолайлылығын бағалайтын қосалқы индекс қаңтар айындағы тарихи ең төмен деңгейден кейін 3,7 тармаққа өсіп, 65,9 тармаққа жетті. Ағымдағы жағдайларды қолайлы деп санайтын қазақстандықтардың үлесі 26,4%-дан 25,9%-ға дейін төмендеді, бірақ, пессимистердің үлесінің 66,4%-дан 63,3%-ға дейін төмендеуі қосалқы индексті өсірді.
Теріс бағалаудың неғұрлым төмендеуі 45-59 жастағы респонденттердің (70,3%-дан 64%-ға дейін) және 29 жасқа дейінгі жастардың (60,9%-дан 57,5%-ға дейін) арасында байқалады. Өңірлік тұрғыдан теріс бағалау үлесі өспеген Астана, Маңғыстау, Қостанай және Қызылорда облыстарын қоспағанда, барлық өңірде жақсы көрсеткіштер байқалады.
Соңғы 12 айдағы экономикалық жағдайда орын алған өзгерістердің қосалқы индексі қаңтар айындағы ең төменгі деңгейден кейін 2,2 тармаққа өсті. Экономика жақсарды деп санайтын респонденттердің үлесі қаңтардағы 13,3%-дан ақпандағы 14%-ға дейін өсті.
29 жасқа дейінгі жастар13,9%-дан 17,1%-ға дейін неғұрлым жоғары оптимизм көрсетті. Өңірлік тұрғыдан оң жауаптардың үлесі 14,2%-дан 26%-ға дейін өскен Ұлытау облысының тұрғындары ең жақсы жауап берді. Маңғыстау облысында 20,3%-дан 12,8%-ға дейін неғұрлым төмендеу жағдайы байқалды.
Ақпан айы халықтың инфляциялық бағалары одан әрі өсіп жатқан төртінші ай болды. Өткен айда сауалнамаға қатысқан респонденттердің 55,1%-ы бағаның айтарлықтай өскенін (қаңтарда 51,8%) атап өтті, бұл 2023 жылғы сәуірден бергі ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Өткен жылы тауарлардың қатты қымбаттағанын байқаған респонденттердің үлесі 57,8%-дан 58,1%-ға дейін өсті.
Бір айда инфляциялық болжамдар 23%-дан 24,5%-ға дейін өсті, бірақ бір жылда 26,3%-дан 25,5%-ға дейін аздап төмендеді
Респонденттер тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің арасында көбінесе ет пен құс өнімдерінің бағаларының өскенін атап өтті (қаңтар айындағы 43,5%-ға қарағанда 54,3%), көкөністер мен жемістер (50,8%) және ТКШ қызметтері, осы санат бойынша тарифтердің өскенін атап өткендердің үлесі 24,9%-дан 35,7%-ға дейін өсті.
Бір жылда теңгенің әлсіреуін күтіп жүрген респонденттердің үлесі 61,3%-дан 59,4%-ға дейін төмендеді, ал бір айда 39,1%-дан 40,4%-ға дейін өсті. Ақпан айында доллар бағамының 4%-ға төмендеуы жағдайды тұрақтандыруға көмектесті, бірақ халық валюта бағамының болашақ серпініне одан әрі алаңдаушылық білдіруде.
Осылайша, қазақстандықтардың тұтынушылық сенімділігін зерттеудің отызыншы толқыны 100 тармақтан төмен индекспен төмен деңгейде қалып отыр. Экономикалық жағдайдың болжамдарында қатты төмендеу байқалады, ал ірі сауда жасау мен экономикалық өзгерістер үшін жағдайлардың қолайлылығын бағалау аздап қалпына келтірілгенін көрсетеді.
Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Данияр Оразбаев халықтың экономикалық жағдайдың өзгеруіне қатысты болжамдары қайтадан нашарлағанын атап өтті.
«2025 жылдың екінші айы қазақстандықтардың тұтынушылық сенімділігіне қатысты мәселеде теріс нәтиже көрсетуде. Индекс қаңтар айында күрт құлдырағаннан кейін 100 тармаққа төмен болып қалуда, бұл теріс жауаптардың оң жауаптарға қарағанда көптігін білдіреді. Халықтың экономикалық жағдайдың өзгеруіне қатысты болжамдары қайтадан нашарлап, зерттеу жүргізілген соңғы 20 айдағы ең төменгі екінші деңгейге жетті. Бұл кезеңде қазақстандықтардың экономика жақсарады деп үміттенгені бұрын-соңды мұншалықты аз болмаған. Дегенмен, ірі сауда жасап, экономикадағы өзгерістерді бағалау үшін ағымдағы жағдайлардың қолайлылығы мәселелерінде аздап қалпына келтіру жағдайы байқалады. Сонда да, бұл көрсеткіштер рекордтық ең төменгі деңгейге жақын болып отыр. Абсолютті мәндерде қазақстандықтар жақында қосылған құн салығының көтерілуіне, доллар бағамының өсуіне және жалпы алғанда инфляциялық қысымның ұлғаюына қатысты талқылауды ескере отырып, экономикалық ахуал мәселелері бойынша әлі де қатты алаңдайды, оны тұрғындардың көп бөлігі байқап келеді.
Төртінші ай қатарынан инфляциялық бағалаудың одан әрі өсіп жатқанын ескере отырып, ақпан айында инфляциялық бағалаулар мен болжамдардың серпіні қайтадан теріс болып шықты. Ресми жылдық инфляцияның 9,4%-ға дейін жеделдетілуі аясында, бұл 2024 жылғы ақпаннан бергі ең жоғары көрсеткіш болып отыр, инфляциялық бағалаудың одан әрі өсуі таңқаларлық емес. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштің серпіні соңғы айларда Ұлттық Банктің осындай сауалнамасына ұқсас. ТКШ қызметтері бағалардың басты өсу драйверлерінің бірі болып табылады, ал бұл жағдай тұрғындардың назарынан тыс қалған жоқ. Оның үстіне, көкөністер мен жемістер бағасының жақында маусымдық өсуі одан әрі көңіл-күйге әсер етуде. Дегенмен, инфляциялық болжамдар шамамен бұрынғы деңгейде қалды. Яғни, қазақстандықтар бағалардың қазіргі уақытта өсіп жатқанын уақытша деп әрі қарай ойлауда. Бұған ақпан айында доллар бағамының күрт төмендеуі де ықпал етуі мүмкін. Девальвациялық болжамдар айтарлықтай төмендеген жоқ және жалпы алғанда қаңтар айындағы деңгейде қалды. Доллар бағамының тұрақтылығының сәл ұзағырақ кезең қажет шығар, содан кейін барып біз бұл болжамдардың төмендегенін көреміз», - деді Данияр Оразбаев.
Қазақстанда талдаушылар ай сайын халық санына сәйкес 3 600 сауалнама жинап отырады. Зерттеулер әлемнің көптеген елінде тұтынушылық сенімділік индекстерін алу үшін қолданылатын және United Research Technologies Group компаниясы жергілікті міндеттерге бейімдеген әдіснамаға негізделеді. Деректерді жинау әдісі – телефон арқылы сауалнама жүргізу. Сауалнама жергілікті халықтың тілінде жүргізілді: зерттеу респонденттердің ана тілінде жүргізіледі.