Сарыағаштағы жылыжайлардан 120 мың тоннадан астам өнім жиналды

Dalanews 25 янв. 2018 05:31 1062

Еліміздегі жылыжайлардың 75 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан болса, оның ішінде Сарыағаш ауданын – Оңтүстіктің жылыжай отаны деуге болады. Олай деп айтуымыздың себебі де бар, өйткені облыстағы жылыжайлардың  50 пайызы осы ауданға тиесілі болып отыр.

Жылыжай шаруашылығы Сарығаш ауданында жылдан жылға көбейіп, жалпы көлемі бойыншада, алынған өнімі бойыншада Республикада көш ілгері тұрған сала. Мәселен, 2007-2008 жылдары Жартытөбе мен Дербісек ауылдық округтерінде 32,5 гектар жерде ғана жылыжай болған болса, одан кейінгі жылдары жылыжай 21 ауылдық округте орналасып, көлемі 664 гектарға жетті. Осы жылыжайлардан өткен жылы 120 мың 273 тонна өнім алынды. Оның ішінде 99 мың тоннадан астамы қызанақ болса, ал 21205 тоннасы қияр. Әр гектардан алынған өнімнің орташа түсімділігі 1866,6 центнерді құрады.

Ал өткен жылы 72,2 гектар жерге жылыжайлар салынып іске қосылды. Аталған жылыжайларда 13247 адам жұмыспен қамтылған. Жылыжайлардан алынған өнім негізінен Қазақстанның солтүстік аймақтары мен Ресей федерациясының көптеген қалаларының көкөніске деген мұқтажын қамтамасыз етіп отыр.

Сондай-ақ ауданда жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша шеберлік сабақтары өтіп тұрады. Онда мамандар жабық топырақта қызанақ, қияр, бақша өнімдерін қалай молынан алуға болатынын және жылыжайды қалай салуды, материал, тұқым, тыңайтқыштар таңдағанда не нәрсеге назар аудару қажеттігін үйретеді.

Айта кетейік, облыста  жылыжай көлемі өткен жылы 212 гектарға артып, жалпы 1 335 гектарға жетті.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости