Сақ болыңыз! Қазақстанда "ақша аударғаны" үшін жауапкершілік енгізілді

Сағыныш Сардарова 28 июл. 2025 10:51

Қазақстанда банк картасын үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік енгізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабына банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ, материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

ІІМ мәліметінше, алаяқтар осы деректерді қылмыстық кірісті қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады.

"Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді. Жеке және банк деректері жай ғана ақпарат емес, бұл - сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті", - деді ІІМ өкілдері.

ІІМ мынадай кеңес берді:

  • ешқашан банк деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы "оңай ақша табуға" келіспеңіз;
  • күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Рекомендовать
Последние новости