Сапарбаев балаға жент сатып алып берді

Dalanews 14 июл. 2016 19:13 914

Ақтөбе облысының әкімі қаладағы кәсіпкерлік нысандарын аралап жүріп, дүкенде кезекте тұрған балаға жент сатып әперді. Бердібек Сапарбаев женттің бағасын сұрап, қалтасынан ақшасын суырып алды да, сатушымен есеп айырысты.

4-5 жас шамасындағы бала да әкімді бірден танығанға ұқсайды, жент салынған пакетті алып жатып, күліп жіберді де, рахметін айтты. Өз кезегінде, баланың анасы да әкімнің тартуы деп ырымдап, қуанғанынан айналасына қарайлай берді.

Айта кетейік, Ақтөбеде жентті брендке айналдыру шаралары осыған дейін қолға алынған болатын. Облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен басқосулардың бірінде журналистерге әдемі қорапқа салынған жентті таныстырған болатын.

– Әр өңірдің өз бренді бар. Ақтөбенің бренді әлі жоқ. Тарының отаны болғандықтан, Ақтөбеден «шоколад құйылған жент» өнімін ойластырдық, – деген болатын әкім орынбасары.

Жаңғақ пен мейіз қосылған жентті бүгінде ақтөбеліктер өзге қалаларға базарлық ретінде апарады.

 

Марат Төлепберген

 

Дереккөзі: tilshi.kz

Рекомендовать
Последние новости