Сән-салтанатқа салық: кімдерге және қалай салынады?

Қаракөз Амантай 31 мар. 2025 15:09 676

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сән-салтанатқа салынатын салықты енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, сән-салтанатқа жеке салық қарастырылмаған, алайда белгілі бір нысандарға – элиталық жылжымайтын мүлікке, қымбат көліктер мен премиум санаттағы тауарларға жоғары салық салу көзделген.

“Ол үшін алдымен сән-салтанаттың нақты анықтамасын жасау керек”, – деді Жұманғарин.

Мысал ретінде ол белгілі бір шекті мөлшерден асатын мүлік пен көліктерге салықтың ұлғаятынын айтты:

– Егер адамның жылжымайтын мүлкінің жалпы құны 450 миллион теңгеден асса, салық мөлшері өседі;

– Автокөліктерге қойылатын шек – 75 миллион теңге;

– Сонымен қатар қымбат сигарлар мен алкоголь өнімдеріне салық мөлшерлемесін арттыру мәселесі де қарастырылып жатыр.

Министр мұндай жүйені енгізу барысында барынша сақтық танытып, әділетсіз шешімдердің алдын алу маңызды екенін атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости