Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы Әлем чемпионы атанды

Сағыныш Сардарова 28 окт. 2024 09:00 55645

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Албанияның Тирана қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионаты өтті.

Отандасымыз 97 келі салмақта өнер көрсетіп, турнирде топ жарды.

Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз финалға дейін 3 балуанды жеңіп шықты. Алғашқы белдесуінде Канада елінің балуанын 11:0 есебімен уақытынан бұрын жеңіп шықты. Ал ширек финалда Беларусь спортшысын да 10:0 есебімен жеңді. Ал финалға шығар кезде ресейлік Шамил Гаджиалиевті 7:4 есебімен жарыс жолынан шығарды. 

Финалдық белдесуде Ризабек ирандық Махди Марофадан басым түсті. Финалдық белдесу Қазақстандағы уақытпен сағат кешкі 20:00-де басталды. 

Ризабек Айтмұқан биыл 20 жасқа дейін жастар арасында да әлем чемпионы атанды. Ал өткен жылы ересектер арасында топ жарды. 


Рекомендовать
Последние новости